2027 жылдың күнтізбесі: Қазақстандағы жұмыс және мереке күндері

Жарияланды 17 Қараша 2026 23:00

Ақниет Төленді

Ақниет Төленді

General news бөлімінің журналисі a.tolendi@kursiv.media
2027 жылдың күнтізбесі: Қазақстандағы жұмыс және мереке күндері / Фото: ЖИ көмегімен жасалған

2027 жылы бес күндік жұмыс аптасында қазақстандықтарды 247 жұмыс күні және 118 демалыс күні күтіп тұр.

Күнтізбедегі басты өзгеріс – енді 30 тамыздың орнына 15 наурызда аталып өтетін жаңа Конституция күні. Мерекелер мен демалыс күндерін ауыстырудың арқасында жыл бойы бірнеше ұзақ демалыс кезеңдері болады, соның ішінде Наурыз мейрамында бес күн қатарынан демалыс беріледі.

2027 жылғы мереке күндері

Кейбір мерекелік күндер демалыс күндерімен сәйкес келетіндіктен, қолданыстағы ережелерге сәйкес демалыс күндері ауыстырылады.

МерекеКүніАпта күніҚалай демаламыз
Жаңа жыл1–2 қаңтарЖұма-сенбі1–4 қаңтар
Рождество7 қаңтарБейсенбі1 күн
Халықаралық әйелдер күні8 наурызДүйсенбі1 күн
Конституция күні15 наурызДүйсенбі13–15 наурыз
Наурыз мейрамы21–23 наурызЖексенбі–сейсенбі20–24 наурыз
Бірлік күні1 мамырСенбі1–3 мамыр
Отан қорғаушы күні7 мамырЖұма7 мамыр
Жеңіс күні9 мамырЖексенбі7–10 мамыр
Құрбан айтШамамен 16 мамырЖексенбі1 күн
Астана күні6 шілдеСейсенбі1 күн
Республика күні25 қазанДүйсенбі23–25 қазан
Тәуелсіздік күні16 желтоқсанБейсенбі1 күн

Айта кетейік, бұған дейін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы діни мерекелердің нақты күні жаңа айдың тууына байланысты болатынын, сондықтан Құрбан айт күні өзгеруі мүмкін.

Не өзгерді: Конституция күні енді 15 наурызда тойланады

2027 жылы қазақстандықтар Конституция күнін алғаш рет 15 наурызда атап өтеді. Бұған дейін бұл мемлекеттік мереке 30 тамызға сәйкес келетін.

Бұл өзгеріс жаңа Конституцияның қабылдануымен байланысты. 2026 жылғы 11 маусымдағы № 306-VIII заңға сәйкес Конституция күні 15 наурызға ауыстырылды. Нәтижесінде 30 тамыз енді мереке күні болып саналмайды және қосымша демалыс берілмейді.

2027 жылы жаңа дата дүйсенбіге түсіп тұр. Осылайша қазақстандықтар сенбі, 13 наурыздан дүйсенбі, 15 наурызға дейін үш күн қатарынан демала алады.

2027 жылы демалыс күндерін ауыстыру тәртібі

Мереке күндерін ауыстыру тәртібі «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» Заңның 5-бабымен белгіленген. Егер мемлекеттік немесе ұлттық мереке сенбі немесе жексенбіге сәйкес келсе, одан кейінгі жұмыс күні демалыс күні болып саналады.

2027 жылы мына демалыс күндері ауыстырылады:

  • 2 қаңтар, сенбі – қосымша демалыс дүйсенбі, 4 қаңтарға ауыстырылады;
  • 21 наурыз, жексенбі – демалыс сәрсенбі, 24 наурызға ауыстырылады;
  • 1 мамыр, сенбі – қосымша демалыс дүйсенбі, 3 мамырға ауыстырылады;
  • 9 мамыр, жексенбі – демалыс дүйсенбі, 10 мамырға ауыстырылады.

Ал діни мерекелер, соның ішінде 7 қаңтардағы православ Рождество мен Құрбан айт бұл ереже бойынша ауыстырылмайды.

2027 жылдың әр айында қалай демаламыз?

2027 жылы демалысқа ең «жомарт» айлар: қаңтар, наурыз және мамыр.

  • Қаңтар. Жаңа жыл 1-4 қаңтар аралығында қатарынан төрт күн демалыс сыйлайды. 7 қаңтар – православиелік Рождествода қосымша демалыс күні қарастырылған. Бұл айда 18 жұмыс және 13 демалыс күні болады.
  • Ақпан. Мемлекеттік мерекелер жоқ. Бес күндік жұмыс аптасында қазақстандықтарды 20 жұмыс және сегіз демалыс күні күтіп тұр. Сондай-ақ, ақпан айында Рамазан басталады: ҚМДБ алдын ала күнтізбесіне сәйкес ораза 8 ақпанда басталады.
  • Наурыз. Демалысты жоспарлауға ең қолайлы айлардың бірі. Халықаралық әйелдер күні дүйсенбі, 8 наурызға сәйкес келеді, ал Конституция күні 15 наурызда тойланады. Наурыз мейрамында қазақстандықтар 20-24 наурыз аралығында бес күн қатарынан демалады. Наурызда барлығы 18 жұмыс және 13 демалыс күні қарастырылған.
  • Сәуір. Мереке күндері жоқ. Бұл айда 22 жұмыс және сегіз демалыс күні болады.
  • Мамыр. Айдың басында Қазақстан халқының бірлігі күні, ал 7 және 9 мамырда Отан қорғаушы күні мен Жеңіс күні аталып өтеді. 9 мамырдағы демалысты ауыстырудың арқасында 7-10 мамыр аралығында қатарынан төрт күн демалуға болады. Құрбан айт алдын ала болжам бойынша 16 мамырға сәйкес келеді. Мамырда барлығы 18 жұмыс және 13 демалыс күні бар.
  • Маусым. Мемлекеттік мерекелер жоқ. Бұл айда 22 жұмыс және сегіз демалыс күні бар.
  • Шілде. Астана күні 6 шілде, сейсенбіде тойланады. Шілдеде 21 жұмыс және 10 демалыс күні болады.
  • Тамыз. Мерекелік демалыстар жоқ. 30 тамыз – әдеттегі жұмыс дүйсенбісі. Бұл айда 22 жұмыс және тоғыз демалыс күні қарастырылған.
  • Қыркүйек. Мемлекеттік мерекелер жоқ. Бес күндік жұмыс аптасында қазақстандықтар 22 күн жұмыс істеп, сегіз күн демалады.
  • Қазан. Республика күні дүйсенбі, 25 қазан. Соның арқасында 23-25 қазан аралығында үш күн қатарынан демалуға болады. Қазанда 20 жұмыс және 11 демалыс күні болады.
  • Қараша. Мереке күндері жоқ. Бұл айда 22 жұмыс және сегіз демалыс күні қарастырылған.
  • Желтоқсан. Тәуелсіздік күні 16 желтоқсан, бейсенбіде аталып өтеді. Желтоқсанда 22 жұмыс және тоғыз демалыс күні болады.
Сондай-ақ оқыңыз