
Құрманбек Жұмағали Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» ұлттық киностудиясының президенті болып тағайындалды. Бұған дейін ол Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының басқарма төрағасы қызметін атқарған.
Құрманбек Жұмағали еңбек жолын 2004 жылы бастаған. Мемлекеттік қызметте, бұқаралық ақпарат құралдары мен медиа саласында басшылық қызметтер атқарған.
Әр жылдары «Қазақстан» республикалық телерадиокорпорациясында түрлі лауазымдарда жұмыс істеген. Қарағанды облысы әкімінің кеңесшісі, Маңғыстау облысы ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары және басқарма басшысы болған.
Сондай-ақ «Қазақ радиоларының» директоры, «Қазақстан» РТРК басқарма төрағасының бірінші орынбасары қызметтерін атқарған.
2019–2021 жылдары «Астана» телеарнасының, ал 2021–2023 жылдары «31 арнаның» бас директоры болған.
2023 жылғы шілдеден бастап Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының басқарма төрағасы қызметін атқарып келді. Енді Құрманбек Жұмағали – «Қазақфильмді» басқарады.
Еске сала кетейік, бұған дейін, Азамат Сатыбалды «Қазақфильмде» басшылық қызметте жүрген кезінде өзіне түрлі қысым болғанын айтқан еді