Жапония туристер үшін салықсыз сауда жасау ережелерін өзгертеді

Жарияланды 29 Қазан 2026 18:29

Ақниет Төленді

Ақниет Төленді

General news бөлімінің журналисі a.tolendi@kursiv.media
Жапонияда рекордты қар жауды
Жапония туристер үшін салықсыз сауда жасау ережелерін өзгертеді / фото: ашық дереккөзден

2026 жылғы 1 қарашадан бастап Жапонияда шетелдік туристерге қосылған құн салығын қайтарудың жаңа жүйесі енгізіледі, деп хабарлайды Kursiv.Media.

Енді саяхатшылар тауарды дүкенде толық бағасымен сатып алып, төленген салықты тек елден шығар кезде әуежайда қайтарады. Бұл шара салықсыз алынған тауарларды ел ішінде заңсыз қайта сатуды тоқтату үшін қабылданып отыр.

Туристер неге назар аударуы керек

Тауарды тексеру және салықты қайтару процедураларына байланысты кезектен кешікпеу үшін уақыт қорын қалдырған жөн (Ханэда, Нарита және Кансай әуежайларында кейбір процедураларды онлайн өтуге болады).

Тексеру шаралары рейске отырғызу аяқталғанша жүргізіледі. Багажды тапсырып қойсаңыз, оны тексеруге қайта алу мүмкін емес. Салық тек турист өзімен бірге елден алып шыға алатын тауарларға ғана қайтарылады.

Кеденшілер тауарларды әр чек бойынша жеке тексереді. Егер чекке енгізілген бір тауар көрсетілмесе, сол чек бойынша салық қайтарылмауы мүмкін.

Сондай-ақ оқыңыз