NASA Айда өмір сүріп, жұмыс істейтін астронавтарды іріктеуде

Жарияланды 10 Қараша 2026 18:58

Ақниет Төленді

Ақниет Төленді

General news бөлімінің журналисі a.tolendi@kursiv.media
NASA ищет астронавтов для будущих полетов на Луну
NASA Айда өмір сүріп, жұмыс істейтін астронавтарды іріктеуде / Фото: NASA, бильд-редактор: Дастан Шанай

NASA АҚШ азаматтары арасында Айда тәжірибе жинақтап, жұмыс істеуге мүмкіндік беретін жаңа астронавтар тобын іріктеуді бастады, деп хабарлайды Kursiv.Media.

Өтінімдер 3 желтоқсанға дейін қабылданады. Таңдалған үміткерлер Хьюстондағы Линдон Джонсон атындағы Ғарыш орталығына орналасады, ал олардың жылдық еңбекақысы 164 395 долларды құрайды.

«Біз таңдайтын мамандар Айда жүріп, ғарыш базасында еңбек етеді. Сондай-ақ, болашақта Марсқа экипаж жіберуге жол ашатын жүйелерді әзірлеуге қатысады», – деді NASA администраторы Джаред Исаакман.

Үміткерлерге қойылатын негізгі талаптар:

  • Білім: Инженерия, биология, физика, информатика немесе математика саласындағы магистр дәрежесі (немесе 2 жылдық докторантура), медициналық білім немесе ұшқыштар мектебін тәмамдау.
  • Тәжірибе: Сала бойынша кемінде 3 жылдық кәсіби еңбек өтілі. Ұшқыштар үшін реактивті немесе басқа ұшақтарда, тікұшақтарда белгілі бір ұшу сағаттары талап етіледі.
  • Арнайы дағдылар: Қауіпті әрі күрделі жағдайларда шешім қабылдау, ұжымда жұмыс істеу тәжірибесі және физикалық/психологиялық төзімділік.

Үміткерлер медициналық, психиатриялық тексерістен, жүзу тестінен өтіп, изоляцияда және экстремалды жағдайларда 12 ай немесе одан да ұзақ мерзім ғарышта болуға дайын болуы шарт.

Айта кетейік, осыған дейін Төрт ғарышкер Марсты бағындыруға дайындықтан өткені туралы жазған едік.

Сондай-ақ оқыңыз