Қостанайда түнгі шақырту кезінде жедел жәрдем фельдшері Әнел Баймұрзина соққыға жығылды. Медициналық қызметкер миы шайқалып, денесінде көгерген іздер қалған. Медициналық қызметкердің жергілікті басылымға берген ақпаратында науқастың туыстары агрессия танытып, реанимациялық шараларды жүргізуге кедергі келтіргенін айтады. «Науқастың тыныс алуы мен жүрегі тоқтап қалды. Біз 30 минут бойы реанимация жүргіздік, бірақ нәтиже…