Оқу-ағарту министрлігін жаңа пайда болған «квадробинг» құбылысы алаңдатады. Ал Денсаулық сақтау министрлігі бұл құбылысқа қатысты ұстанымын әлі нақтылаған жоқ. Бұл туралы ведомстволардың Kursiv.Media сауалына берген жауабында жазылған. «Бұл құбылыс балалардың денсаулығына, қауіпсіздігіне және психо-эмоционалды күйіне жағымсыз әсерін тигізуі алаңдаушылық туғызады»,- деп хабарлады Оқу-ағарту министрлігі. Ведомство бала тәрбиесіне мән беру маңызды…