Өзбекстан заңнамасына мемлекетаралық, ұлттық және діни араздыққа жария түрде шақырғаны үшін шетелдік азаматтардың елге бес жылға кіруіне тыйым салуды көздейтін түзетулер енгізілді. 18 қарашада Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеев қол қойған құжаттың мәтіні жария болды. «Өзбекстан Республикасындағы шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдардың құқықтық жағдайы туралы» заңы мынадай мазмұндағы баппен толықтырылсын:…