Ауғанстан өндіретін «Золотая жизнь» атты анар дәмі бар алкогольсіз газдалған сусынынан қауіпті бояғыш табылды деп хабарлайды Жетісу облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті. Департаменттің мәліметінше, мониторинг барысында Қырғыз Республикасында құрамында азорубин (Е 122) бояғышының табылуына байланысты «Золотая жизнь» сауда маркалы анар хош иісі бар алкогольсіз газдалған сусын сатудан алып қойылғандығы анықталды. Қазақстан…