Қазақстандықтар акция немесе жеңілдікпен сатылған тауарды қайтара алады. Бұл туралы орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте сауда және интеграция министрлігі мемлекеттік саясатты қалыптастыру басқармасының басшысы Еркебұлан Тағашев айтты. Маманның сөзінше, сатушылардың өзі талаптарды дұрыс түсінбейді. «Бір кемшілігіне байланысты төмен бағада сатуға қойылған заттар қайтарылмайды. Ал акция, жеңілдікпен сатылған тауардың бәрін қайтаруға…