ChatGPT енді пайдаланушылардың сұрауы бойынша ұзын сызықшаны қолданбауы мүмкін. Бұл жайлы OpenAI бас директоры Сэм Альтман Х әлеуметтік желісінде жазды. Енді чат-бот егер пайдаланушы өтінсе, бұл тыныс белгісінен аулақ болады. «Шағын, бірақ қуанышты жеңіс: егер сіз нұсқаулықта ChatGPT-ге ұзын сызықша қолданбауды айтсаңыз, ол ақыры соны орындайды!» – делінген Альтманның хабарламасында.…