2021 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша Жұмыспен қамтудың 2020-2021 жылдарға арналған жол картасы (бұдан әрі – ЖҚЖК) шеңберінде орташа жалақысы 91 мың теңге болатын 7,8 мың жұмыс орны құрылды. Бұл туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің сайты хабарлады.
ЖҚЖК жобалары мынадай 4 негізгі бағытқа бөлінген:
– халықтың өмір сүру сапасын арттыру;
– ШОБ үшін қаржыландырудың қолжетімділігін арттыру;
– агроөнеркәсіптік кешенді дамыту;
– өңірлерде бизнесті дамыту.
Қазіргі уақытта ЖҚЖК аясында 175 инфрақұрылымдық жобада құрылыс жұмыстары жүргізілуде, тағы 25-і іске асырудың бастапқы кезеңінде тұр.
Естеріңізге сала кетейік, ЖҚЖК аясында 2021 жылы барлық бағыттар бойынша 40,9 мың жұмыс орны құрылады, оны...