Ресейлік «Эпиваккорона» вакцинасының тиімділігі екпе салдырғаннан кейінгі 42-күні шамамен 80% құрады. Коронавирусқа қарсы IgG антиденелері аралық клиникалық зерттеулер кезінде еріктілердің 79% – ында анықталды. Бұл туралы ҚР Үкіметі жанындағы Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК жұмысы туралы шұғыл ресми Telegram каналы хабарлады.
Тәуелсіз тексеруге 2 999 адам қатысты. Зерттеудің алдын-ала нәтижелері вакцинаның иммунологиялық тиімділігін көрсетеді. «ЭпиВакКорона» – «Вектор» мемлекеттік ғылыми орталығы пептидтік платформада жасаған вакцина.
...