Қазіргі кезде Қазақстанның жиынтық тауар айналымы 55,6 млрд АҚШ доллларын құрайды. Бұл ретте сауда-саттықтың 29%-ы ЕО елдерімен, 20%-ы – Ресей және 18 пайызы Қытаймен жасалады. Коронавирустың өршуіне байланысты сауда құрылымындағы қазақстандық өнім экспорты 18,6%-ға төмендесе, ал импорт тек 6,4%-ға азайған. Ал бұл елдің экономикалық дамуына қауіп төндіреді деп пайымдайды FinReview сарапшылары.
Коронавирус пандемиясы дүниежүзідегі елдердің экономикалық белсенділігіне айтарлықтай әсер етті. Әлемдік экономика үшін шектеу шараларының салдарынан ішкі іскерлік белсенділіктің бәсеңдеуінен бөлек, сыртқы сауда көлемінің қысқаруы – жалпы теріс факторға айналды. Эпидемиологиялық жағдайдың бұндай әсері ЖІӨ өсіміне ғана емес, мемлекеттік бюджетке түсетін түсім көлемін де азайтады. Сыртқы сауда қатынастарының алдағы жарты жылда...
Жаңалықтар
Түркияның батысындағы Измир провинциясында жер сілкінісі құрбандарының саны 60-қа жетті, деп Түркияның Төтенше жағдайлар басқармасы мәлімдеді. Бұл туралы ТАСС агенттігі хабарлады.
«Жер сілкінісі 60 адамның өмірін қиды, 940 адам жарақат алды», – делінген министрліктің хабарламасында.
Бұған дейін Измирге келген Түркия президенті Тайып Ердоған 58 адам қаза тауып, 896 адам жарақат алғанын хабарлаған.
Сонымен қатар, Денсаулық сақтау министрлігінің басшысы Фахреттин Кодзидің айтуынша, 2076 құтқарушы қираған сегіз үйдің орнында іздеу-құтқару жұмыстарын жалғастыруда. Сондай-ақ, министр қазірдің өзінде 680-ден астам адам ауруханалардан шығарылғанын және 214 зардап шеккендерге медициналық көмек көрсету жаласуда деп қосты.
Иранда жаңа коронавирустық инфекцияға (COVID-19) байланысты өлімнің күн сайынғы өсуі 434 құрады.Бұл туралы Анадолу агенттігі хабарлады.
Жалпы қайтыс болғандар саны 35 298-ге дейін өсті
Иран Ислам Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің өкілі Сима Садат Лари өткен тәулікте COVID-19 инфекциясының расталған жағдайларының саны 7 719-ға өсіп, 620 291-ге жетті деді.
5244 адамның жағдайы ауыр деп бағаланады.
Иранда бүгінгі күнге дейін 486 691 адам қауіпті инфекциядан емделді.
Бүгінгі күнге дейін 4 965 326 тест жасалды.
Иранның барлық 31 провинциясы «қызыл»» аймақтарға енгізілген.
Иранда коронавирустық инфекцияның алғашқы жағдайы 19 ақпанда Кум қаласында тіркелген.
Измирдегі жер сілкінісі құрбандарының саны 25-ке жетті, Түркияның батысындағы 804 тұрғын зардап шекті. Бұл туралы aa.com сайты хабарлады.
Бұл жайында Түркия үкіметі жанындағы төтенше жағдайлардың алдын алу және басқару жөніндегі басқармасы (AFAD) хабарлады.
AFAD мәліметтері бойынша, қуатты жер сілкінісінен кейін 6,6 магнитудалық 341 әлсіз жер сілкінісі болды, күші 4 баллдан жоғары.
«Измирде 743, бесеуі Маниса провинциясында, екі адам Балыкесирде және Айдын провинциясында 54 тұрғын – барлығы 804 адам жарақат алды», – деп хабарлады AFAD.
АҚШ-тағы қару-жарақ сату дерегі күрт өсті, – деп хабарлайды Tengrinews.kz Sky News-ке сілтеме жасап.
Бұл елдегі президенттік сайлауға байланысты.
АҚШ-тағы Walmart компаниясы 4 700 дүкеннің жартысынан атыс қарулары мен оқ-дәрілерді сатудан алып тастады.
Президенттік сайлау қарсаңында адамдар оқ-дәрілерді жеке басының қауіпсіздігі қамтамасыз үшін сатып алуы мүмкін.
«Біз тәртіпсіздіктердің куәгері болып отырмыз. Осыған байланысты серіктестеріміз бен клиенттеріміздің қауіпсіздігі үшін сатудан атыс қаруы мен оқ-дәрілерді алып тастадық», – делінген компания таратқан хабарламада.
Федералды тергеу бюросының (FBI) мәліметінше, президент сайлауы қарсаңында қару-жарақ сату дерегі 2 есе өскен.
Қазір жоғары оқу орнын тәмамдаған жастарға мамандық бойынша жұмысқа тұру қиын. Себебі университет оларға 4 жылдан кейін қажетіне асатын дағдыларды үйретпей, теориямен шектеледі. Жоғары білім саласының негізгі клиенті — жұмыс беруші болғандықтан олардың талабы да ескерілмей келеді. Қазіргі таңда, жұмыс берушілерді де білім бағдарламаларының өзектілігі мен сапасы алаңдатып отыр. Атамекен ҰҚП-ның соңғы мәліметіне сүйенсек, жалпы алғанда жұмыс берушілердің 68 пайызы қазіргі оқу бағдарламасына көңілдері толмайды. Қазақстанда 60-тан астам ЖОО-да оқыған түлектердің жартысы жұмыссыздар қатарында.
Осы орайда, «Жұмыс берушілердің университет түлектеріне көңілі тола ма» деген тақырып ҚР Білім және ғылым министрлігіне қарасты ADAL BILIM жобалық офисінің алаңындағы талқыланды. Тікелей эфир...
Алматыда Kaspi.kz компаниясына жасалған қарақшылық шабуылдың беті ашылды, – деп хабарлайды Polisia.kz сайты.
Алматы қаласы ПД криминалдық полициясының хабарлауынша, осы қылмысты жасады деген күдікпен 1985, 1986 және 1992 жылы туған үш ер адам ұсталды.
Алматы қаласы ПД Криминалдық полиция басқармасының жедел уәкілдері С. және У. есімді күдіктілерді ұстады. Үшінші күдікті дәл қазір Орал қаласында Батыс Қазақстан облысының ПД қызметкерлерімен ұсталды.
Заттай дәйектер – ұрланған қаражат тәркіленіп, ҚР ҚК-нің 192-бабы 3-бөлімі бойынша Алмалы аудандық Полиция басқармасының тергеу жүргізген қылмыстық іс материалдарына тіркелген. Қаскөйлер қолданған аңшы мылтығы солардың біріне тиесілі екендігі анықталды. Ұсталғандар қамауға алынды.
Пандемия салдарынан 1 млн кәсіпкер зардап шегіп, 430 мың субъект қызметін тоқтатқан. Бұл сандарды бүгін ОКҚ-да өткен баспасөз конференциясында «Атамекен» ҰКП басқарма төрағасы Абылай Мырзахметов мәлімдеді.
Кәсіпкерлер палатасының басшысы коронавирус пандемиясы бизнестің барлық саласына әсер еткенін атап өтті. Әсіресе қызмет көрсету саласы (көлік, сауда, әкімшілік қызмет көрсету, жылжымайтын мүлік және тамақтандыру) айтарлықтай зардап шеккен. Айталық, 9 айда қызмет көрсету саласы 6,1%-ға қысқарған. Соның нәтижесінде, Ұлттық экономика министрлігінің дерегіне сүйенсек, ЖІӨ 2,8 пайызға төмендеген. Ойын-сауық орындары, фудкорттар, банкет залдары қызметін толық бастай алмай, ал сауда және ойын-сауық орталықтары, сауда үйлері, базарлар, қоғамдық тамақтану нысандары, фитнес-залдар, кинотеатрлар шектеулермен жұмыс істеп жатыр.
Сонымен қатар Мырзахметов...
Ресейде бетперде режимі жарияланды. Бұл туралы COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК хабарлады.
Ресей Федерациясының аумағында қоғамдық орындар мен көліктерде, таксилерде, автотұрақтарда және лифттерде қорғаныс бетперделерін міндетті түрде кию режимі енгізіледі.
Сонымен қатар, Ресей Федерациясының субъектілерінің басшылығына ойын-сауық және қоғамдық тамақтандыру қызметін көрсетуді сағат 23.00-ден 6.00-ге дейін тыйым салу ұсынылды.
Ресейдің Бас санитарлық дәрігерінің қаулысында тәуекел тобына жататын адамдарды қорғауға бағытталған шараларды күшейту қажеттілігі туралы айтылған.
Алматыда тұрғындарды 120 миллион теңгеге алдап соққан адам сотталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Әңгіме Қытайдан арнайы техниканы сату және жеткізу деген сылтаумен қала тұрғындарын 120 миллион теңгеге алдап соққан С.есімді азамат туралы болып отыр.
«Қылмыстық іс-материалдары бойынша С.азамат ерекше үлкен мөлшерде алаяқтық жасауға бағытталған жоспарды жасады. Ол ұрлық тізбегін болжамдады, ол үшін Алматы қаласында компанияны тіркеу, жалақы мөлшерлемесі бар, ықтимал құрбандармен келіссөз жүргізе алатын, кеңсе бөлмелерін жалдауға және «икемді» шарттармен арнайы техниканы сату туралы жарнама орналастыруға қабілетті менеджерлерді табу қажет болды. Сондай-ақ, қылмыскер бір реттік сыйақы төлеп, фирманы сауатсыз адамға тіркеген. Осылайша, осы тізбек бойынша әрекет...
Жаяу жүргіншіні қағып кеткен троллейбус жүргізушісі 2,5 жылға сотталды, – деп хабарлайды Polisia.kz сайты.
Бұл жол апаты осы жылдың басында болған.
Троллейбус жүргізушісі Қазақстан Республикасының Жол қозғалысы ережелерінің 2.4.2-тармағын бұза отырып, жүріс бөлігінен шығып кетіп, тұрақ аумағында тұрған «Хонда», «Лексус» және «Тойота» маркалы автокөліктерге соқтығысқан.
Бұдан әрі троллейбус тротуарда тұрған 1988 жылы туған жаяу жүргіншіні қағып кеткен. Жол апатынан алған жарақаттарының салдарынан жаяу жүргінші оқиға орнында қайтыс болды, – деп хабарлады Алматы қаласының ПД Анықтау басқармасы бастығының орынбасары Салтанат Хишанло.
Аталған факт бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары ҚР ҚК-нің 345-бабының 3-бөлігі (Көлік құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлік құралдарын...
Түркия президенті Режеп Тайип Ердоған француздардың сатиралық журналы Charlie Hebdo-ны президентті қорлайтын мультфильм үшін сотқа берді, деп хабарлады РИА Новости ТРТ сілтеме жасап.
Сот ісін президенттің атынан Анкара прокуратурасына оның адвокаты Хусейн Айдын берген. Мәлімдемеде Charlie Hebdo басылымының жариялануы журналистиканың моральдық-этикалық қағидаларына, «сөз бостандығы» тұжырымдамасына сәйкес келмейтіні және Түркия басшысының абыройы мен қадір-қасиетін бұзатыны айтылған.
Charlie Hebdo Париж мен Анкара арасындағы дағдарыс жағдайында Ердоғанның мультфильмін жариялады. Мұқабада түрік көсемі жартылай киініп бейнеленген, ол креслоларда отырып, оң қолына алкогольсіз сусын ұстаған және сол жақпен қызметші әйел көйлегінің етегін көтерген.
Жазбада: «Ердоған жеке өмірінде өте ойнақы» деп жазылған. Түркия президентінің өз...
Шығыс Қазақстан облысы төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, жылдамдығы секундына 17 метрге жететін қатты желдің салдарынан Көкжайық ауылындағы орта мектептің шатыры бұзылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«ТЖД дауылды жел туралы алдын ала ескерту жасаған. Әлі де тұрғындарды сақ болуға және үлкен ағаштардың астында тұрмауға және автокөлік қоймауға шақырамыз. Сондай-ақ билбордтардан және басқа да аспалы құрылымдардан, электр желілерінен мүмкіндігінше алыс болу керек. Жазатайым оқиғалар болмас үшін барынша абай болған жөн» , – деп хабарлады ведомство өкілдері.
Қатты желден зардап шеккендер жоқ.
Ұлыбританияда мамыр айынан бастап COVID-19 инфекциясымен ауыратын адамдардың өлім-жітімінің рекордтық өсімі тіркелді, жұқтырғандар ішінен 367 адам қайтыс болды. Сонымен қатар, мұнда тәулігіне COVID-19 инфекциясының 22 мың 885 жағдайы анықталды. Бұл туралы COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК хабарлады.
Италияда бір тәулікте COVID-19 жұқтырған 221 адам қайтыс болды. Бұл 15 мамырдан бергі ең жоғары көрсеткіш. Сондай-ақ, 27 қазанда коронавирус жұқтырған 21 мың 944 адам анықталды, бұл алдыңғы күнмен салыстырғанда 5 мың жағдайға көп.
Эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауына байланысты, дүйсенбіден бастап Италия үкіметі шектеулерді күшейтті. Елдегі барлық кинотеатрлар, театрлар және спорт залдар мен бассейндер жабық тұр.
Қытайда 40 жасқа толмаған миллиардерлер саны 2020 жылы 14-ке дейін арттып, 60-қа жетті. Әлем соңғы онжылдықта ең ауыр экономикалық дағдарысты бастан кешіп жатқанда, олар 223 миллиард доллардан астам қаржы жинады. Бұл туралы CNBC хабарлады.
Қазір елде 878 миллиардер тұрады, олардың байлығы 4 трлн. 2010 жылы байлардың саны небәрі 189 болған.
«Әлемде бір жыл ішінде мұндай байлық ешқашан болған емес. COVID-19-қа қарамастан қытай кәсіпкерлері әлдеқайда жақсы жұмыс жасағды», – деді Hurun Report төрағасы және негізгі тергеуші Руперт Хугеверф. Оның рейтингісі 2012 жылдан бері ең бай қытайлықтар туралы деректерді жариялады.
Қытайдағы 40 жасқа дейінгі ең бай миллиардерлердің тізімі: Хуян Ян және оның отбасы (33,1 миллиард...
Қызылордада тергеу изоляторына тыйым салынған заттарды өткізбекші болған азамат ұсталды,- деп хабарлайды Polisia.kz сайты.
Қызылордада тергеу изоляторында қамауда отырған азаматқа танысы алып келген сәлем-сауқатты тексеру кезінде мекеме қызметкерлері палауға жасырылған тыйым салынған затты тауып тәркіледі.
Тергеуге қамалған күдіктінің танысы «Samsung» маркалы телефонын, «Beeline», «Activ» ұялы телефон операторларының сим карталары мен екі дана қуаттағыш құрылғыны фольгаға орап, тамақтың ішіне жасырып өткізбек болған.
Қазіргі таңда аталған факт бойынша ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 481-бабына сәйкес (Қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелерінде, арнаулы мекемелерде ұсталатын адамдарға тыйым салынған заттар, бұйымдар мен нәрселер беру) әкімшілік материалдар жиналып, сотқа жіберілді.
Ресейде бір тәулікте коронавирус жұқтырған 16 550 адам тіркелді. 320 адам қайтыс болды, деп хабарлады коронавируспен күрес жөніндегі жедел штаб. Бұл туралы ВВС сайты мәлімдеді.
Мәскеуде 4312 адам тіркелді, 61 адам қайтыс болды. Санкт-Петербургте өткен тәулікте тағы 721 жағдай анықталды.
Ресейде пандемия кезінде індет жұқтырған 1 547 774 адам тіркелді, 1 158 940 адам жазылып шықты, 26 589 науқас қайтыс болды.
Осыған дейін ақпарат айдынында серпінді, тың бағдарламаларымен дараланған «Алматы» телеарнасы телехикая түсіруден де көш түзеді. Бұл уақытқа дейін, аталмыш арна үш бірдей сериал түсіріп көрермендеріне ұсынған еді. Бүгін тұсауы кесілген «Өткінші жаңбыр» хикаясы бас шаһардың шым-шытырық оқиғаларына арналады. Алматы қаласының «Бақытты отбасы», «Еңбек», «Іскер ана», «Бастау бизнес» сияқты әлеуметтік жобаларын іске асырып, сондай-ақ шетсіз қала тұжырымдамасын сериал арқылы халықтың жүрегіне жеткізуге тырысқан фильмде Алмат Сақатов, Салтанат Бақаева, Нұргүл Мыңғатова сынды танымал өнер иелері басты кейіпкерлердің рөлін сомдайды. Бүгін журналистер үшін тұсаукесер рәсімін жасаған арна басшылығы сериалдың Алматы қаласы мен маңайындағы ауылдарда түсірілгенін айтты. Бұл хикая мегаполисте тұруды аңсайтын жандар үшін нағыз шынайы...
Үкімет 2021 жылы 16 жаңа заң жобасы әзірлейді. Бұл туралы primeminister.kz хабарлады.
ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында әділет министрі Марат Бекетаев Үкіметтің заң жобалау жұмыстарының 2021 жылға арналған жоспарын таныстырды.
Әділет министрлігі Заң жобалау қызметі мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия мүшелерімен бірлесіп Үкіметтің заң жобалау жұмыстарының 2021 жылға арналған жоспар жобасын әзірледі. Жоспар жобасы Президент пен мемлекеттің стратегиялық құжаттарында айқындалған міндеттер негізінде әзірленген және 19 заң жобасын әзірлеуді көздейді.
«Олар сақтандыру және бағалы қағаздар нарығын реттеуге, биржалық сауда, көлік, жер қатынастары, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, құқық қорғау қызметі, геодезия, картография және кеңістіктік деректер, волонтерлер қызметі және қайырымдылық, инновациялы...
2020 жылғы 27 қазан күні сағат 02.12-де Батыс Қазақстан облысы Жәнібек аудандық өрт сөндіру қызметі кезекші-диспетчерлік бөлімінің пультіне Жәнібек ауылы, Шарафудинова 5/2 көшесінде жеке тұрғын үй жанып жатқаны жөнінде хабар келіп түсті. Бұл туралы ҚР ТЖМ ресми өкілі Талғат Уәли хабарлады.
Өрт жұмыстарын барлау кезінде жалпы ауданы 25 шаршы метр құрайтын екі пәтерлі үй жанып жатқаны анықталды. Оқиға орнынан 1983 жылы туылған үйдің қожайыны улы газға улану белгілерімен ауруханаға жеткізілген. Алайда, улы газдың уланған үй қожайыны есін жимастан, ауруханада көз жұмды.
Ерекше атап өтетін жайт, өрт-сөндірушілер оқиға орнына жеткенге дейін жеке тұрғын үйдің терезесінен үй қожайынының қызы...
Жаңа Apple смартфоны адамның бойын өлшей алады, деп хабарлайды РИА Новости GizChina сілтеме жасап.
Функцияны пайдалану үшін сіз «Рулетка» қосымшасын ашып, камераны адамға бағыттауыңыз керек.
Құрылғы оны танығаннан кейін экранда биіктігін көрсететін сызық пайда болады.
Басылым атап өткендей, бұл функцияға лидармен жабдықталған жаңа гаджеттер ғана ие. Бұл технология кеңейтілген шындықпен өзара әрекеттесу принципі бойынша жұмыс істейді. Ол iPhone 12 Pro, iPhone 12 Pro Max және жаңа iPad Pro планшетінде қолданылады.
Хабиб Нурмагомедовтың өткен демалыс күндері БАӘ-де өткізген UFC-254 турниріндегі Джастин Гэтжимен жекпе-жегінің төлемі белгілі болды.
Ресейлік аралас стильдегі жекпе-жегі үшін жалпы сомасы 3,09 миллион доллар тапты, оның ішінде 3 миллион доллар кепілдендірілген жарна, ал тағы 90 мың доллар кештің ең жақсы жекпе-жегі үшін бонус.
Гэджидің табысы Хабибтен бес есе дерлік аз, ол 630 мың долларды құрады (600 мың доллар кепілдендірілген төлем және 30 мың доллар жарнамалық бонус ретінде).
Бұл сомаларға ақылы ағындар бойынша пайыздар кірмейтіндігін ескерген жөн, сондықтан ақыр соңында екі спортшы да көп ақша табады.
Естеріңізге сала кетейік, жеңіл салмақтағы UFC абсолютті чемпионы атағы үшін күрес екінші раундтың басында...
Нұр-Сұлтан қаласында ауа райының нашарлауына байланысты жүргізушілерді жолда абай болу сұралады, деп жазады ҚазАқпарат елордалық полиция департаментіне сілтеме жасап.
Қала аумағында 50 жол-көлік оқиғасы тіркелді.
Нұр-Сұлтан қаласының полиция департаменті жүргізушілерді қозғалыс кезінде барынша мұқият және сақ болуға, жылдамдық режимін, қауіпсіз қашықтықты және маневр жасау ережелерін мүлтіксіз сақтауға шақырады.
Коронавирус балалар үшін де қауіпті. «Instagram» желісіндегі елорда әкімдігінің ресми парақшасында №1 қалалық көпсалалы балалар ауруханасының жоғары санатты педиатры Әсел Шаймердинова аурудың барысы және оның балаға тигізетін зардаптары туралы айтып берді.
«COVID-19 ересектерге де, балаларға да қауіпті, себебі бұл жаңа инфекция. Бірінші толқын көрсеткендей, балалар ересектерге қарағанда аз ауырды, олар үшін ауру жеңіл өтеді. Бірақ егер екінші толқын болса, одан әрі не болатынын көреміз. Даму ақаулары, эндокриндік бұзылулар, аллергиялық аурулар, онкологиялық патология, иммунитет тапшылығы жағдайы сияқты ілеспе аурулары бар балалардың коронавирус инфекциясына төтеп беруі дені сау балаларға қарағанда қиын болады», – деп ескертті педиатр.
Балалар сонымен қатар COVID-19 тасымалдаушысы...