«Құқықтық тәртіп» жедел-алдын алу іс-шарасы барысында тәртіп сақшыларының бір күндік қызметінің нәтижесінде мыңнан астам құқық бұзушылық әшкереленді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Іс-шара қоғамдық тәртіпті сақтауға, көшелер мен қоғамдық орындардағы қылмыстардың алдын алуға және оның жолын кесуге бағытталған.
«Бұл күндері Алматы облысының полиция қызметтері мен бөлімшелерінің жеке құрамы күшейтілген тәртіпте қызмет атқаруда. Барлық жерде әр ауданның полиция басқармаларында полицияның кешенді және берілген күштерінің бірыңғай таратылымы жүргізіледі. Ол жерде командирлер оларды учаскедегі ағымдағы криминогендік жағдай туралы міндетті түрде хабардар етеді, ашылмаған қылмыстар бойынша бағдар береді, сондай-ақ, әдетте, көшелер мен қоғамдық орындарда жасалатын әкімшілік бұзушылықтардың алдын алу және анықтау бойынша міндеттер...