Украина Канаданың, Францияның, Швецияның, Германияның, Ұлыбританияның және Иранның құзыретті органдарына осы елдердер өкілдерінің «Украина халықаралық әуе жолдары» авиакомпаниясы PS 0752 PS 0752 рейсінің авиапатын тексеруге қатысу мүмкіндігін қарастыру жөнінде тағы бір өтініш жасады, деп хабарлайды Украина Бас прокуроры Офисінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған Интерфакс-Казахстан.
«Бас прокурордың Офисі Канаданың, Францияның, Швецияның, Германияның, Ұлыбританияның және Иранның құзыретті органдарына «Украина халықаралық әуе жолдары» авиакомпаниясының Тегеран – Киев бағытындағы PS 0752 рейсін орындаған Boeing 737 ұшағының авиапаты фактісі жөніндегі қылмыстық іс шеңберіндегі ортақ тергеу тобы құрамында осы елдердердегі құзыретті органдар өкілдерінің тергеу амалдарына қатысу мүмкіндігін қарастыру жөнінде тағы бір өтініш жасады...