«Қайрат» футболшылары Чемпиондар лигасының (ЧЛ) топтағы жарысындағы алғашқы ойынын Қазақстан туы жапсырылған жейдемен өткізеді. Бұл туралы Kursiv.Media футбол клубы таратқан мәліметке сүйене отырып хабарлайды. «Қайрат» (Алматы) пен «Спортинг» (Лиссабон) матчы қарсаңында, футбол клубы ойыншылар жейдесінің суретін жариялады. Оның кеуде тұсына Қазақстанның көк туы жапсырылған. «Жүрегімізде — елге деген адалдық, алаңда…