Шымкенттік «Ордабасы» клубын 44 жастағы бельгиялық маман Карел Герартс жаттықтыратын болды. Бұл жаңалықты клубтың амбассадоры әрі тең құрылтайшысы Бейбіт Әлібеков әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады. «Карел Герартс – «Орданың» жаңа бапкері. «Юнион», «Шальке» және «Реймс» клубтарының экс-жаттықтырушысы», – деп жазды ол. Карел Герартс бұған дейін Еуропа футболында табысты еңбек еткен. Ол бельгиялық…