Дәулет Орынбасар – қазақ футболының болашағынан зор үміт күттіретін жас шабуылшы. Дәулет 2009 жылы Шымкент қаласында дүниеге келді. Бастапқыда күреспен айналысқан. Отбасында әкесі мен бауырлары да күреспен шұғылданған. Тіпті туған ағасы Талғат Орынбасар – дзюдодан үш дүркін әлем чемпионатының қола жүлдегері. Алайда Дәулеттің тағдыры футболмен байланысып, 11 жасында ғана доп…