Қазақстан премьер-лигасының 27-туры аясында өткен «Астана» мен «Қайрат» арасындағы тартысты кездесу кішігірім жанжал, ерекше мәлімдемемен аяқталды. Елордада өткен матчта «Астана» 1:0 есебімен жеңіске жетті, деп хабарлайды Kursiv.Media Кездесудің 11-минутында «Қайрат» жартылай қорғаушысы Әділет Садыбеков қызыл қағаз алып, алаңнан қуылды. Бір ойыншыға кем қалған алматылықтар арада үш минут өтер-өтпестен гол жіберіп…