«Қайрат» футбол клубының түлегі Салим Хасанов енді мансабын Испанияның әйгілі «Вильярреал» академиясында жалғастырады. Бұған дейін жас ойыншы «Леванте» сапында өнер көрсетіп, өзін үздік қырынан танытқан. 2023 жылы ол 2010 жылы туған ойыншылар арасындағы лигада топ жарып, үздік сұрмерген атанды. Салимге Испанияның тағы бір алпауыт клубы – «Валенсия» да қызығушылық білдірген.…