Мәжіліс депутаты Абзал Құспан ҚР Бас прокуроры Берік Асыловқа Қазақстан футболындағы келісілген матчтар фактілерін тергеу туралы депутаттық сауал жолдады. Депутат құқық қорғау органдарын тарта отырып, бұл мәселені жан-жақты зерттеуді ұйымдастыруды сұрады. Құспанның мәліметінше, халықаралық Sportradar компаниясының 2022 жылғы деректері бойынша Қазақстан келісілген матчтар саны бойынша әлемде 4-ші орынға ие болған.…