Ілияс Храпунов Нью-Йорктегі федералдық сотта кінәлі деп танылды. Бұл туралы Қазақстанның әділет министрлігі хабарлады.
Айта кетейік, Ілияс Храпунов – Алматының бұрынғы әкімі Виктор Храпуновтың ұлы.
«2025 жылдың 6 тамызында АҚШ-тың Нью-Йорк Оңтүстік округі бойынша округтік соты дәлелдемелерді зерттеу арқылы өткен тыңдау қорытындысында талапкерлер – Алматы қаласы мен «БТА Банк» АҚ пайдасына шешім шығарып, Ілияс Храпуновты сотты құрметтемегені үшін кінәлі деп таныды.
Бұған дейін қабылданған $221,285.31 төлеу жөніндегі міндеттемеге қоса, федералдық судья Храпуновтың өз активтері туралы тұрақты түрде есеп беруді міндеттеген соттың нақты әрі айқын бұйрығын орындамағанын анықтады», – делінген ақпаратта.
Оған активтері бойынша есеп беру...