Үкімет отырысында 2021-2025 жылдарға арналған геологиялық барлау мемлекеттік бағдарламасы тұжырымдамасының жобасы қаралды, деп хабарлайды primeminister.kz.
ҚР экология, геология және табиғи ресурстар министрі М. Мырзағалиевтің айтуынша, еліміздің мемлекеттік балансында 8 мыңнан астам кен орны тіркелген, оның ішінде 317 көмірсутек (мұнай, газ, конденсат), 910 қатты пайдалы қазбалар кен орны, 3 мыңнан астамы кең таралған пайдалы қазбалар және 4 мыңға жуығы жер асты сулары кен орны.
«Соңғы он жылдықта Шығыс Қазақстандағы моноқалаларға жақын орналасқан – Шемонаиха, Юбилейно-Снегирихин, Зырянов ірі қорғасын-мырыш кен орындары толықтай игерілді. 2025-2040 жылдарға таман Орлов, Малеев, Тишин, Риддер-Сокольный секілді кен орындарында да пайдалы қазба қорларының толықтай сарқылуы күтілуде...