Бейсенбі күні Dow Jones 1,17%, S&P 500 1,76% және Nasdaq Composite 2,48% көтерілді. Бұл ретте S&P құрамындағы 11 сектордың технология, коммуникация және қаржы саласындағы тоғызы өсті. Бұл туралы Қазақстан қор биржасы талдауында жазылған.
BoA, JPMorgan мен Citi сынды АҚШ-тың ірі несие кредиторлары банк жүйесіне деген сенім белгісі ретінде First Republic Bank-ке 30 миллиард доллар депозит салуға келіскен соң, нарықтың көңіл-күйі жақсарды. Соның әсерінен банктің акциялары -36 пайыздан 10%-ға дейін өсті.. Бұл ретте банктер ФРЖ-ның екі көмек қорынан 164,8 миллиард доллар қарыз алған.
Еуропа қор нарықтары бейсенбі күні қайта көтеріліп, Stoxx 600 индексі 1,2%-ға және Stoxx банк индекс...