Бүгін таңғы 8-ден бастап бүкіл Қазақстан төтенше жағдай режимінде. Ел тарихында алғаш рет жарияланған төтенше жағдай мемлекет басшысының жарлығына сәйкес, сәуірдің 15-не дейін жалғасады. Қажет болған жағдайда, уақыты ұзартылуы мүмкін.
Осы жарлық бойынша елде карантин енгізіліп, қоғамдық маңызы бар мекемелердегі күзет күшейтіледі, ірі сауда нысандарының жұмысына шектеу қойылып, барлық сауда ойын-сауық орталықтары, кинотеатр, театр, көрмелердің және адамдар көп жиналатын басқа да объектілердің қызметін тоқтайды. Ойын-сауық, спорттық және басқа да бұқаралық іс-шаралар, сондай-ақ той-томалақ, ас-жиын өткізуге тыйым салынды.
Ақорда баспасөз қызметі таратқан хабарламаға сәйкес, төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі резервінен қажетті қаражат бөлінед...