Мемлекет басшысы 20 судьяны қызметінен босатып, 3 судьяны тағайындады деп хабарлайды ҚазТаг.
Айдар Смағұлов Ақтөбе облыстық сотының төрағасы болып тағайындалды. Ол бұған дейін Солтүстік Қазақстан облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасын қызметін атқарған.
Астана қаласын мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының судьясы болып Бакишев Асан Болатұлы тағайындалды. Ол бұған дейін атқарған Алматы аудандық сотының төрағасы қызметінен босатылды.
Орал қаласы №2 сотының судьясы қызметіне Сабыржан Есжанов тағайыдалды.
Ақтөбе облыстық сотының төрағасы Мерғалиев Асламбек Амангелдіұлы басқа қызметке сайлануына байланысты қызметінен кетті.
Ақтөбе облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Елемесов Қайырбек Құсайынұлының өкілеттік мерзімінің аяқталуына байланысты...