Кейінгі кездері интернетті белсенді пайдаланушылар арасында ChatGPT тақырыбы жиі талқыланып жүр. Қолданып көрмегендердің өзі бұл бот туралы естіген болып шығады. Бүгінгі материалымызда көпшіліктің аузында жүрген чат-бот туралы айтамыз.
ChatGPT деген не?
ChatGPT деген — тапсырмаңызға байланысты жұмыс әзірлеп беретін чат-бот. Оның қолынан көп нәрсе келеді. Мысалы сізбен диалог жүргізіп, кодта кеткен қателерді тауып, белгілі бір тақырыпқа эссе не өлең жазып шыға алады. Мұны OpenA компаниясының GPT-3,5 тілі моделінің негізінде Azure AI суперкомьютерінде әзірлеген. Чат-бот адамның айтқанын түсінуі үшін оған интернеттегі миллиондаған мәтінді оқытып үйреткен. Reinforcement Learning from Human Feedback негізінде адаммен кері байланысқа түсуге баулыған. Мұның бәрі бір сәтте...