Елімізде биылғы тұрғын үй құрылысы былтырғыдай болмайды. Логистикалық тізбектің бұзылуы, құрылыс материалдарының қымбаттауы елдегі баспана нарығын да біраз тұралатып кетті. Мемлекеттің жоспары бойынша 2023 жылы 15 млн шаршы метр тұрғын үй салынуы тиіс. Бұл былтырғы және 2020, 2021 жылғы көрсеткіштерден әжептәуір төмен. Баға өсті, азаматтардың табысы аса көп арта қойған жоқ. Сондықтан пәтерге қол жеткізу де оңайға түспесі белгілі. Дегенмен халық бір бөлмелі шаңырақ болса да рәсімдеп қалуға тырысады. Әрине, көбінің ипотеканы таңдайтыны анық.
Елімізде баспананы несиеге сатып алудың бірнеше жолы бар. Атап айтқанда,
Мемлекеттік бағдарламалар арқылы. Оған негізінен мемлекеттік қызметкерлер, әлеуметтік осал топ өкілдері қатысады. «7-20-25» бағдарламасы бойынша. Басында...