Сауда-саттық қорытындысы бойынша, 13 қаңтарда теңгенің нарықтық бағамы бір аптада 0,2%-ға (463,31 теңгеден) нығайып, 1 АҚШ доллары үшін 462,29 теңге деңгейінде қалыптасты. Бұл туралы Ұлттық Банк баспасөз қызметі хабарлады.
2023 жылғы 6-13 қаңтар аралығында сыртқы валюта нарығында бірқатар маңызды оқиға болды. АҚШ-та жалақының өсуін бәсеңдету (сағаттық жалақының орташа айлық өсуі қарашадағы 0,6%-дан желтоқсанда 0,3%-ға дейін бәсеңдеді), қызмет көрсету саласындағы экономикалық белсенділіктің төмендеуі (ISM services индексі қарашадағы 56,5-тен 49,6-ға дейін төмендеді) АҚШ қазынашылық облигациялар кірістілігінің төмендеуіне және тиісінше АҚШ долларының әлсіреуіне алып келді. АҚШ-тағы инфляция жөніндегі деректер тұтыну бағалары индексінің өткен аймен салыстырғанда 0,1%-ға (қарашадағы 7,1%-дан 6,5%-ға ж/ж дейін) бәсеңдегенін көрсетт...