Түркістан облысында инвестициялық құны 35 млрд теңгені құрайтын жүгері крахмал зауыты ашылады. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Зауытта жылына 150 мың тонна жүгері терең өңдеуден өтіп, крахмал-сірне шығарып отырады. Кешен «Қазкрахмал» ЖШС негізінде кеңейтілмек.
Қазіргі таңда зауыттың шикізат қабылдап, кептіру және сақтау кешендері іске қосылған. Ал қалған кешендері ашылған соң, шикізат қалдықсыз өңделе бастайды.
Зауытта 20-дан астам өнім түрлері шығарылатын болады. Олар мыналар:
крахмал; сірне; тағамдық глюкоза; мальтоза сиропы; жүгері майы; глютен; кебек; түйіршіктелген құрамажем және т.б.Зауытқа тек таза табиғи шикізат жеткізіліп отырады. Министрлік хабарлауынша, генетикалық түрлендірілген өнім түрлері қолданылмайды.