Бюджет есебін жүргізудің маңызын айтудан ешқашан жалықпаймыз. Осы күнге дейін оқырмандарымызға отбасылық бюджетті жоспарлау турасында түрлі лайфхак бөлістік. Бөлек мобайл қолданба жүктеу немесе дәптер арнап, толтыру қиын болатын болса, одан да оңай бір тәсіл туралы айтпақпыз. Ол үшін арнайы аппликейшн орнатып жүрудің қажеті жоқ. Бар болғаны өзіңіз қолданатын банктің қолданбасы жетіп жатыр.
Дәстүрлі әдістен — заманауи тәсілге
Шынында әр шыққан шығынды дәптерге тізіп жүру туралы кеңесті естігендердің дені бірден қиынсынады. Сөйтіп беті қайтып қалып жатады. Ал бюджет есебін жүргізбесе, қысқа да ұзақ мерзімді жоспар жасау қиынға соғады. Сондықтан қалай болған күннің өзінде есеп жасап жүру керек. Естеріңізде болса...