Екінші «Орталық Азия – Қытай» саммитінде Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанда екінші АЭС салатын Қытайдың ядролық мүмкіндіктері туралы айтты.
Қасым-Жомарт Тоқаев энергетика саласындағы екі ел ықпалдастығын өңірдің орнықты дамуына әсер ететін ең басты фактор ретінде атап, аймақтың дамуына оң әсер ететінін мәлімдеген. Қазақстанның энергетикалық қоры мол екенін, соны тиімді пайдалану қажет екенін тілге тиек еткен. Сондай-ақ Қытайдың ядролық энергетика саласындағы тәжіриесін ерекше ескерген.
«Әлемдегі уран қорының 20 пайызы, мұнайдың 17 пайыздан астамы, табиғи газдың 7 пайызы, сондай-ақ сирек кездесетін металдардың мол кені Орталық Азияда шоғырланған. Яғни бұл саладағы әлеуетіміз орасан зор. Біз озық технологиялар алмасуға...