Футболдан Freedom QJ League біріншілігінің екінші маусымы аяқталуға жақын. Чемпионаттың соңғы турында күміс және қола жүлдегерлері анықталады. Ал алматылық «Кайрат» U18 чемпионатының жеңімпазы атанып, титулды мерзімінен бұрын жеңіп алды.
Жеңімпаздарды марапаттау рәсімі 1 қарашада Almaty Theatre-де салтанатты түрде өтеді. Шарада 15 номинация бойынша сыйлықтар табыс етіледі, олардың арасында маусымның ең үздік бомбардирі «Ордабасы» шабуылшысы Бағдаулет Нұралы бар.
Сондай-ақ лига жыл сайын әр позиция бойынша үздік футболшыларды анықтайды. Марапаттар қазақ футболының аңыздарының атында беріледі. Мысалы, үздік шабуылшы Евстафий Пехлеваниди атындағы сыйлықты алады.
Қақпашылар арасындағы бәсекеде «Шахтердің» Ян Лалов, «Ақтөбе» ойыншысы Саятхан Кусаинов және «Атырау» құрамасынан Нұрбақыт Сағат бақ сынайды. Қорғаушылар...