Еліміздің дүкен сөрелерінде азық-түлік бағасының ғарыштық жылдамдықпен өсіп жатқанын көз көріп отыр. Қымбатшылық қай кезде де жақсы үрдіс емес. Тарихқа үңілсек, талай қымбатшылықтың соңы дүрбелеңге әкеліп соқтырып отырған. «Газ-50» деп ұрандатқанымыз кеше ғана. Қымбатшылық қысқан кезде халықтың еріксіз алаңға шығатынын бірер күн бұрын Моңғолия мысалы да көрсетіп берді.
Сауда және интеграция министрлігінің Сауда комитетінің төрағасы Ержан Қазанбаев өткен аптада әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағасының өсімі 0,9 пайызды құрағанын айтады. . Пияз – 7,2, сәбіз – 2,6, қырыққабат – 2,5, картоп – 2,2, сүт – 1,8, құс еті мен айран – 1,6, қант 1,1 пайызға қымбаттаған. Өңірлер бойынша бағаның е...