ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары пленарлық отырыста «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жер қатынастарын дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады.Бұл туралы ҚР АШМ баспасөз қызметі хабарлады.
Құжатты ҚР Ауыл шаруашылығының бірінші вице-министрі Айдарбек Сапаров таныстырды. Ол әзірленген заң жобасының мақсаты – жер заңнамасын жетілдіру, ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді жалға беру институтын реттеу және жерді пайдалану мен қорғауға мемлекеттік бақылауды күшейту деп атап өтті.
«Заң жобасында қазақстандықтар мен қазақстандық заңды тұлғаларға ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді 49 жылға дейінгі ұзақ мерзімді жалға беру, жалдау мерзімі аяқталғанда оның мерзімін қайтадан ұзартудың басым құқығы, жер пайдаланушылар арасында...