Елімізде соңғы жылдары біраз қызметтер оңтайландырылып, ашу және оны тіркеу тұрғысынан онлайн форматқа көшіріліп жатыр. Бұл өз кезегінде азаматтарға ыңғайлы болары белгілі. Әсіресе, кәсіпкерлер үшін кейбір қызметтердің онлайн форматқа ауысуы жұмыс процесін жеңілдетіп, қағазбастылықтан арылтты. Осы орайда жеке кәсіпкерлікті (ИП) ашу және тіркеудің онлайн нұсқасы туралы айтпақпыз.
Жеке кәсіпкерлікті тіркеу қызметін онлайн форматта қолжетімді ету үшін цифрлық даму министрлігі банктермен тығыз жұмыс жүргізді. Соның аясында цифрлық даму министрлігі, мемлекеттік кірістер комитеті, e-license деректер базасы мен Kaspi.kz клиенттер базасы интеграцияланды.
Жеке кәсіпкерлікті (ЖК) тіркеу үшін жеке тұлға салық органына орналасқан мекен-жайы туралы хабарландыру жолдайды. ЖК ретінде тіркелу ақысыз жүзеге асырылады. Хабарландыруды...