Қаржы реттеушісі 2020 жылғы желтоқсанда ломбардтар мен МҚҰ-ларға 5,7 млн теңгеге айыппұл салды. Бұл туралы fingramota.kz сайты хабарлады.
Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі 2020 жылғы желтоқсанда халықпен өзара іс-қимыл жасайтын қаржы және өзге де ұйымдардың жарнама қызметіне алаяқтық және басқа заңсыз әрекеттердің болу мүмкіндігі тұрғысынан жүйелік мониторинг жүргізді.
Агенттік микроқаржы ұйымдары мен ломбардтарға қатысты жалпы сомасы 5,7 млн теңгеге айыппұл салу түрінде 30 әкімшілік жаза қолданып, 9 жазбаша ұйғарым шығарды.
«TAS CREDIT» микроқаржы ұйымы» ЖШС-ға бұқаралық ақпарат құралдарында (бұдан әрі – БАҚ) жарияланған күнгі қызметіне сәйкес келмейтін жарнаманы тарату немесе орналастыру түріндегі әкімшілік құқық бұзғаны үшін...