18 қаңтар, дүйсенді күні Алматының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі модульдік жұқпалы аурулар ауруханасы құрылысына бөлінген қаржыны жымқыруға қатысты сотқа дейінгі тергеу ісін бастағаны жайлық ақпарат тарады. Бұл госпитальге ақшаны Алматының жайлы қалалық орта басқармасы бөлген, құрылысын BI Group холдингінің құрамындағы компаниялардың бірі салды.
Осы орайда «Курсив» Алматы жайлы қалалық орта басқармасының 2020 жылы мердігерлермен жасасқан келісім-шарттарын зерттеп, осы тендерлердің қаншасы BI Group-тың еншісіне тигенін анықтап көрді.
2020 жылдың қорытындысы бойынша, Алматы жайлы қалалық орта басқармасы мемлекеттік сатып алуға ең көп қаржы жұмсаған мемлекеттік органдар арасында көш бастап тұр. Былтыр бұл басқарма жалпы сомасы 230,8 млрд теңгеге 652 шарт жасаған. Мемлекеттік...