Сейсенбі, 30 маусымға арналған валюта бағамы анықталды. Қазақстан қор биржасының (KASE) мәліметінше, 1 АҚШ доллары 519,64 теңге тұрады. Ұлттық валюта 0,69 теңгеге нығайды.
Доллар қымбаттады
Өткен апта соңында доллар бірден екі теңгеге күшейсе, бүгін ұлттық валюта аздап қана көтерілді. Ұлттық банк сейсенбі үшін 1 долларды 519,64 теңге деп бекітті. Салыстырар болсақ, ай басында АҚШ валютасы 508 теңге болған.
Kurs.kz сайтының мәліметінше, Алматы қаласындағы ақша айырбастау пункттерінде бір доллар 520 теңгеден сатылып, 521 теңгеден қабылданып жатыр. Астана қаласындағы валюта саудасы – 523 және 517.
Криптовалюта
Bitcoin (BTC) құны сәл ғана көтерілді. Қазір BTC шамамен 107,6 мың доллар тұрады. Бір апта бұрын, Таяу Шығыстағы жағдай қатты ушыққан уақытта, оны...