Армения үкіметі Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Әзірбайжанмен келіссөздер жүргізу туралы ұсынысын қарастырып жатыр.
Осыған дейін ресми Баку Әзірбайжан мен Армения СІМ басшыларының Қазақстандағы кездесуіне өз келісімін берген. Енді бұл мәселені ресми Ереван қарастырып жатыр.
Қасым-Жомарт Тоқаев ұйымдастыруды ұсынған екі ел министрлерінің ықтимал кездесуінің күні туралы Армения СІМ-ге уағдаластыққа қол жеткізген бойда хабарланады.
«Армения Оңтүстік Кавказда берік бейбітшілікке қол жеткізуге бағытталған делдалдық күш-жігерді немесе келіссөздер платформаларын қарастырады және қолдайды. Негізгі принциптер мен өзара келісілген құжаттарды, соның ішінде Армения мен Әзірбайжанның бір-бірінің аумақтық тұтастығын тану және 1991 жылғы Алматы декларациясы негізінде демаркация процесін қолдайды. Қазақстандық тараптың ұсынысы бойынша Армения мен Әзірбайжан Сыртқы...