Жұма күні АҚШ қор нарықтары жоғары деңгейде жабылды: Dow Jones пен S&P 500 индекстері сәйкесінше 0,35% және 1,07% өсім көрсетті. Ал Nasdaq Composite ірі технологиялық компаниялардан түсетін күшті кіріс есебінен 1,74% өскен.
Өткен аптада ФРЖ басшысының мәлімдемесінен кейін, АҚШ қор нарығы құлдыраған болатын.
Meta акциялары өзінің алғашқы дивидендін төлеп және екі жылдағы ең үлкен тоқсандық сатылымдарын жариялағаннан кейін 20,3% өсті. Amazon-ның кірісі 14% болып, акциялары 7,9% қымбаттады. Nvidia акциялары да өсім көрсетті (+4,97%).
Apple компаниясының Қытайдағы сатылымы инвесторлардың көңілін қалдырғанымен, акциялары шығынды азайтты (-0,54%). Қаржы нәтижесі әрқилы болған ExxonMobil акциялары 0,46%-ға төмендеді, ал Chevron акциялары дивидендт...