Ағымдағы жылдың қараша айына Қазақстан Республикасының ішкі нарығына жеткізу жоспары шеңберінде 133 867 тонна бөлінді. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Энергетика Министрлігі Газ өнеркәсібі департаментінің директоры Таубаев Бахытжан Рыспекұлы мәлімдеді.
«Зауыттардан жөнелтулер тәулік бойы жүргізілетінін де айта кеткен жөн.Алайда зауыттан адресатқа жеткізу уақытты қажет етеді, тасымалдауды ҚТЖ жүзеге асырады, сондықтан сұйытылған газ нарығында үзіліс бар. Жағдай алдағы күндері тұрақталады»-деді ол.
Сонымен қатар ол қай өңірлерде сұйытылған газды жеткізу бойынша мәселе бар екендігін айтты.
«Қазіргі уақытта бірқатар өңірлерде, атап айтқанда Астана қаласы, Жамбыл облысы, сондай-ақ Солтүстік Қазақстан облысы бойынша жеткізілімдер бойынша іркілістер бар», – деді Таубаев.