«АрселорМиттал Теміртау» меншік иесінің ауысуы қызметкерлер алдындағы міндеттемелерге еш әсер етпейді. Төлем шарттары, әлеуметтік кепілдіктер сақталады. Шахталарда бірінші кезекте еңбек қауіпсіздігін арттыруға назар аударылады. Бұл туралы Вадим Басин мәлімдеді.
Кеше Мемлекет басшысы қаза тапқан және зардап шеккен кеншілердің туыстарымен кездесуде компанияның проблемалық активтеріне қатысты инвестормен қарым-қатынас тоқтатылатынын мәлімдеді.
«Еңбек жағдайы, жалақы, әлеуметтік кепілдіктер өзгермейді. Тек оларды жетілдіру тұрғысынан қарастырылатын бұрынғы шарттар сақталады. Бұл компанияның жұмысын жалғастыру және әлеуметтік жауапкершілікті сезіну үшін қажетті шарт. Ұжымның бірде-бір мүшесі жұмыстан шығарылмайды, команданың бірде-бір мүшесінің құқықтары нашарламайды» -деді Вадим Басин.
Шахталарда бірінші кезекте еңбек қауіпсіздігін арттырумен және негізгі қорларды...