Соңғы екі жылда Қазақстан банктерінде несие алу операциялары депозит алудан екі есе көп болған. Бұл туралы Алматыда өткен конференцияда S&P Global Ratings халықаралық сараптама агенттігі өкілі Сергей Вороненко айтты.
«Бірінші кезекте несие алу мен депозит ашудағы айырмашылыққа мән берулеріңізді сұраймын. Соңғы екі жыл ішінде бөлшек несие портфелі шамамен 30-40% өссе, бөлшек депозит ашу портфелі 2022 жылы 16% өскен. Бұл бөлшек несиелеуден екі есе төмен», – дейді Сергей Вороненко.
Оның айтуынша, елдегі қарыз жүктемесі жылдам өсіп, халықтың әл-ауқаты оған ілесе алмай келеді. Әсіресе табысы төмен қазақстандықтар қарыз құрсауында қалып қойған. Сарапшылар бөлшек несиелеуді бақылауға алып, оның көлемін азайту қарыз жүктемесін жеңілдетуі мүмкін екенін айтады. Егер осы...