7 мамыр – отан қорғаушылар күні. Десе де, Аралбаевтар үшін бұл күн – кәсіби ғана емес, нағыз отбасылық мереке.
Өйткені, Әсет Аралбаевтың жары – Әлия Аралбаева да, үлкен ұлы Бауыржан Аман да әскери қызметте.
Өмір жолы: десанттан – оркестрге дейін
Әсет Аралбаев 1979 жылы Алматы облысы Ұйғыр ауданы Қалжат ауылында өмірге келген. Мектеп бітірген соң, 1998 жылы әскерге шақырылып, Қапшағай қаласындағы (қазіргі – Қонаев) №32363 десанттық-шабуылдау бригадасына түсіп, екі жыл азаматтық борышын өтеген. Содан кейін де әскери қызметті жалғастыруды ұйғарады. 2000 жылы Қаракемер кентіндегі №6654 әскери бөліміне мерзімнен тыс әскери қызметке келеді.
Әскери қызмет атқара жүріп, Алматы қаласындағы...