Теңіз кен орнында «Кәсіби таңдау» ЖШС қойма қызметкерлері жалақыны 50%-ға көтеруді талап етіп, наразылыққа шықты. Бұл туралы жергілікті «АқЖайық» басылымы хабарлайды.
Басылымның жазуынша, бастаманы көлік департаментінің қызметкерлері қолдап, өз кезегінде еңбекақыларын 100%-ға өсіруді сұрады.
17 сәуірде қызметкерлер ТШО бас директоры Уильям Лакоби, COCR жетекшісі Аджай Майк және «Кәсіби таңдау» ЖШС басшысы Айнұр Смитке жазбаша өтініш жолдаған. Олар инфляция мен күнкөрістің қиындағанын алға тартып, қазіргі жалақы тұрмысқа жеткіліксіз екенін атап өткен. Сондай-ақ еңбекақыны арттыру еңбек өнімділігіне оң әсер ететінін де мәлімдеген. Қызметкерлер үш күн ішінде ресми жауап беруді сұрады.
Ал 21 сәуір күні жұмысшылар өз талаптарын бейнеүндеу арқылы...