Америкалық кәсіпкер Джеймс Кэмерон тау-кен саласындағы Eurasian Resources Group гиганты үшін 5 млрд доллар ұсынды. Ол Қазақстанда сирек кездесетін металдар өндірісіне қатысқысы келеді. Бұл туралы Reuters екі дереккөзге, сонымен бірге инвестор хатына сүйене отырып хабарлады.
ERG және сирек кездесетін металдар
Кэмерон осындай ұсынысы айтылған хатты ERG компаниясының директорлар кеңесіне жолдаған деп жазды Reuters.
Агенттік мәліметінше, акцияларының 40%-ы Қазақстан үкіметіне тиесілі, бірақ Люксембургте тіркелген компания былтыр республикада сирек кездесетін металл кен орындарын барлау үшін жұмыс тобы құрылғанын хабарлаған.
Кейінгі бірнеше айда АҚШ президенті Дональд Трамп әкімшілігінің назарына іліккен. Себебі Ақ Үй қазір сирек кездесетені металдарды...