Мансапты да, басқалардың өзі туралы не ойлайтынын да шетке ысырып қойып, өзіне ұнайтын, жаны жай табатын іспен айналысуға бел буғандарды «дауншифтер» дейді. Былайша айтқанда, «жұрт не дейді?» деп бас қатырмай, қарапайым да бақытты ғұмыр кешуді таңдағандардың өмір сүру философиясы осылай аталады. Мұндай адамдар бірінші кезекте өзінің жан тыныштығын ойлайды. Бұл пәлсапаның артықшылықтары мен кемшіліктеріне тоқталайық.
Downshifting деген не?
Downshifting термині алғаш рет 1990 жылдары америкалық баспасөз беттерінде қолданылған. Кейінгі кездері тіпті танымал болып жатыр. Мұның астарында өзіңмен үндесе өмір сүру керек деген философия бар. Яғни мансап жолында жетістікке жету, ақшаның артынан қуу, тума-туыстың көңілін табу үшін бәйек болуды...