Ұлытау облысында жер қойнауын заңсыз игеріп, 3,5 млрд теңге пайда тапқан кәсіпкер сотталды. Күдікті үш жыл бойы «Шығыс Қаражал» карьерінен марганец рудасын заңсыз өндіріп келген.
Облыстағы ҚМА департаменті жергілікті тұрғынға қатысты жер қойнауын рұқсатсыз пайдалану және қылмыстық табысты заңдастыру фактісі бойынша айыптау үкімі шығарылғанын хабарлады.
«Күдікті 2020-2023 жылдар аралығында «Шығыс Қаражал» карьерінен марганец рудасын лицензия мен жер қойнауын пайдалану келісімшарты жоқ болған күйде заңсыз өндірген. Нәтижесінде алынған руданың көлемі 16 мың тоннадан, ал мемлекетке келген шығын 1,1 миллиард теңгеден асты», – делінген хабарламада.
Қылмыстық жолмен тапқан пайдасын заңдастыру мақсатында ол жалған келісімдер жасаған. Сондай-ақ бақылауындағы...