Нұрсұлтан Назарбаев бұдан алты жыл бұрын 19 наурызда отставкаға кетті. Бұл оқиға – тәуелсіз Қазақстан тарихы үшін ең маңызды күн.
Қазақстанды 30 жылдан аса басқарған алғашқы президент Нұрсұлтан Назарбаев дәл осы күні қызметінен кететінін жария етті. Бұл оқиға Қасым-Жомарт Тоқаевтың билік басына келуіне жол ашты.
Назарбаевтың отставкасы
Назарбаевтың президент қызметінен кету туралы шешімі ұлттық арналардан көрсетілді.
«Мен Қазақстан Республикасының Президенті ретіндегі өкілеттігімді тоқтату жөнінде шешім қабылдадым. Бұл – оңай шешім емес», – деген еді Назарбаев.
Десе де, Назарбаев отставкаға кеткенін жарияласа да, билікті ізбасарына басы бүтін бергісі келмеді. Бірқатар өкілеттіліктерін өзіне қалдырды...